Аудандық жас мамандар форумы өтті
Арал ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 сәуірінде №62 мектеп-лицей базасында «Жастар және ғылым: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында аудандық форум өткізілді.
Форумның мақсаты: ғылыми-зерттеу институттары мен шығармашыл ұстаздар, жас мұғалімдер арасындағы ғылыми байланыстарды кеңейту және өзара тәжірибе алмасу әлеуетін дамыту.
Форум аясында «Үздіктен үйрен» кәсіби-шығармашылық тәжірибе алмасу шарасына Республикалық «Үздік педагог - 2023» байқауының жеңімпаздары: Қызылорда қаласы №3 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірмағанбетова Әсел, Қармақшы ауданы №80 мектеп – гимназиясының география пәнімұғалімі Ниязов Серік және облыстық «Үздік педагог - 2023» байқауының жеңімпаздары: Қызылорда қаласы №261 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Алиасқарова Гүлнұр, Қызылорда қаласы №101 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Смаханова Мөлдір, Қызылорда қаласы «Бегім ана» бөбекжай бақшасының әдіскері Мамыраева Бекзат, Республикалық «Үздік педагог - 2024» байқауының жеңімпазы, Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кунарова Жанна қатысып, жас мамандарға тренингтер ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой алмасты.
Сонымен бірге, осы іс-шарада аудандық білім бөлімінің әдіскерлері: Н.Молжігітова, М.Мырзағұлова, О.Шарипов және аудандың шығармашыл мұғалімдері: Д.Әбдіқалықова, Ж.Досжанова, А.Киікбаев, Ж.Маликаждарова, Г.Қараманова, Н.Баекенова, Г.Баймаханова, Г.Муханова, Н.Құттымұратова жас мұғалімдермен бірлескен шығармашылық жұмыстар жүргізді.
Форумда үлгілі жұмыстар көрсеткен озат тәжірибелі ұстаздарға аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты табысталды.
Форум соңы «Жастар жалыны» әдеби-сазды, мәдени кешке ұласты. Жас мамандар өз өнерлерін сахна төрінде көрсетіп, өлең оқып, ән шырқады.
Арал аудандық білім бөлімі