Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Су басқан өңірлерде тәулік бойы күзет пен рейд жүріп жатыр

Су басқан өңірлерде тәулік бойы күзет пен рейд жүріп жатыр

Тәртіп сақшылары су тасыған өңірлерде қараусыз қалған үйлер мен дүние-мүлік күзетіп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлім етті.

«Су басқан өңірлерде патрульдеу және кезекшілік 24/7, яғни тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, патрульдеуге атты полиция жасағы да қатысып жатыр. Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардың ешқайсысы су басу қаупі бар аймақта қалып кетпеуі үшін елді мекендерде жаппай рейд жүргізуде. Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция су тасқынынан зардап шеккен 56 елді мекенді қорғауға алды», - деді Шыңғыс Алекешев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілінің айтуынша, ұрлық-қарлық фактілері тіркелген жоқ.

«Қазір ішкі істер органдарының күзетінде қараусыз қалған 10 688 тұрғын үй мен басқа да нысандар бар. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін 105 уақытша орналастыру пункті ұйымдастырылды», - дейді спикер.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз 
16 сәуір 2024 ж. 208 0