Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйлері суға кеткен азаматтарға қандай көмек көрсетіледі?

Үйлері суға кеткен азаматтарға қандай көмек көрсетіледі?

Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Апаттан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін жедел шешу мақсатында келесідей қосымша механизмдер әзірленді, олар:

- әкімдіктермен дайын пәтерлер сатып алу;
- зардап шеккен азаматтардың бекітілген жобаға сәйкес өз қалауымен баспана таңдауы;
- әкімдіктермен жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың шығындарын өтеу.

Жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да қолдау көрсетілетін болады. Бүгінгі таңда, әкімдіктермен жаңа құрылысқа жер учаскелерін таңдау жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбе облысында құрылыс жұмыстары басталды, ал Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында дайын жаңа баспана кілттері табысталуда. Бұл жұмыстар басқа да өңірлерде жалғасатын болады, - деп мәлімдеді Қанат Шарлапев.


Сурет ашық дереккөзден алынды 
23 сәуір 2024 ж. 202 0