Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
14-бапта:
екінші бөліктің екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«- Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын»;
- Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын»;
- Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын».»;
үшінші бөліктегі «I және II дәрежелі» деген сөздер «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі және Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік «III дәрежелі» деген сөздердің алдынан «Рахымжан Қошқарбаев атындағы» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: ашық дереккөзден алынды
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 26 сәуір
№ 78-VIІІ ҚРЗ