Аудан аумағында тазалық шаралары атқарылды

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аталмыш науқан аясында аудандық мәслихат төрағасы Төрахметов Базарбай, ауданның белсенді жастары және жергілікті мекеме ұжымдарымен бірге Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты «Аққұмшық» жағажайындағы тазалық шарасына қатысты. Сонымен бірге, Аманөткел ауылдық округіндегі «Кәрібөгет» көпірінің маңайына жүргізілген сенбілік жұмыстарына да атсалысып, қоршаған ортаны көркейтуге жұмылды. Аталған жұмыстар экологиялық акцияның «Мөлдір бұлақ» тақырыбында жүзеге асуда.
Осы ретте, аудан басшысы аудан тұрғындарын тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырды.

