Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Сыр беткейіндегі елді мекендерді аралады

Аудан әкімі Сыр беткейіндегі елді мекендерді аралады

Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Қамыстыбас және Аманөткел ауылдық округінде болып, ондағы сенбілік шараларына қатысып, егіс алқаптары мен тоған шаруашылығының жұмысымен танысты.
Алдымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауданның белсенді жастары, жергілікті мекеме ұжымдарымен бірге Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты «Аққұмшық» жағажайында және Аманөткел ауылдық округіндегі «Кәрібөгет» көпірінің маңайына жүргізілген тазалық шарасына қатысты.
Мұнан соң, Аманөткел елдімекеніндегі «Кенжебаев Айтуған» шаруа қожалығының егістік жұмыстарын көрді. Бүгінде алқапқа 10 гектар жоңышқа, 2 гектар жүгері және 4 гектар бау-бақша өнімдерін орналастырған. Шаруа қожалық алдағы уақытта жер көлемін ұлғайтуға ниетті. Егістік басында болған аудан әкімі шаруаларға еңбегінің берекесін көруіне тілектестік білдірді.
Одан әрі «Тоғанда балық өсіру» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдап өтті. Қазіргі таңда, «Арал Рыбторг» ЖШС директоры Шүкірбай Абдуалиев Аманөткел ауылдық округінен қолдан балық өсіру мақсатында жер телімін алып, 5 дана тоған жерін тереңдету жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар мамыр айының соңына дейін аяқталып, тоғанға су жіберу шаралары басталады деп жоспарлануда.
Аудан басшысы Аспай суағытқысы маңындағы Ескі арнаны қайта бөгеу жұмыстарын көріп, су деңгейін бақылады. Нәтижесінде, сала басшыларына облыстық басқармамен бөгеу жұмыстарының барысын жеделдету бойынша тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.
Сапар барысында аудан әкімі «Camel Pro» шаруа қожалығының егістік алқабына барып, жаңбырлатып суару әдісімен танысты. Қазіргі таңда егін аумағына 100 гектар жоңышқа тұқымы орналастырылған.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
05 мамыр 2024 ж. 304 0