Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Аманөткел ауылдық округінде болды

Аудан әкімі Аманөткел ауылдық округінде болды

Кеше Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов жұмыс сапарымен бірнеше ауылдарды аралады. Аудан басшысы алдымен Аманөткел ауылдық округінде болып, жаңадан бой көтеріп жатқан екі қабатты балабақшаның құрылысымен танысты. Аудан басшысы өз қаражаты есебінен салып жатқан жеке кәсіпкерге құрылыс жұмыстарына сәттілік тілеп, елдімекенде жаңа бөбекжайдың қажеттілігі күн тәртібіндегі мәселенің бірі екенін атап өтті.
Одан соң, Серік Сағитжанұлы Аманөткел ауылының халқымен кездесіп, жыл баcынан бері атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды.
«Ауданымызда соңғы екі жыл көлемінде жол жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автожолдарды жөндеуге бюджеттен 6,7 млрд. теңгеге жуық қаржы қаралып отыр. Өздеріңіздің ауылдарыңызда «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 көшенің орташа жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, келесі жылдың өзіне құны 827 млн. теңгені құрайтын 14 көшені бастайтын боламыз. Бүгінде «Аманөткел-Жаңақұрылыс», Аққұлақ елдімекеніне кіре беріс автожолдарының, Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірді қайта жаңғырту жұмыстары өз жалғасын табуда. 2024 жылы жоба құны 453 млн. теңгеге электр бағаналарын толығымен ауыстыратын боламыз. Ретімен бәрі жасалады»-деді, аудан әкімі. Ауыл ақсақаладары ел үшін жасалып жатқан барша істерге ризашылығын білдіріп, Ақшатау ауылына мектеп салу мәселесін сұрады. Өз кезегінде аудан басшысы мектеп құрылысының жобасы дайын екенін және биыл бастап кетуге күш салатынын жеткізді.
Кездесуде Серік Сағитжанұлы ауылда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Қазалы Жолшы» ЖШС мекемесінің мердігеріне жолды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырып, су жиналатын жерлерді көтеріп салуға мән беру қажеттігін айтты.
Сапар барысында аудан басшысы ауыл тұрғындарының егістік алқабы мен «Camel Pro» шаруа қожалығының 100 гектар егістігінің жұмыстарымен танысты. 15 гектар аумақты қамтитын елдімекен халқының алқабында бүгінде бау бақша және асқабақ, картоп өнімдері егіліп, жақын күндері бірінші жемісін бермек. Тұрғындар шамамен биыл 25-30 қап картоп өнімін жинайтынын айтты.  Аудан әкімі диханшыларға жергілікті өнімнің маңыздылығын айтып, ауылдықтардың бастамаларына сәттілік тіледі.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
27 мамыр 2023 ж. 254 0