Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей «Байқоңыр» кешеніндегі 234 нысанды Қазақстанға қайтармақ

Ресей «Байқоңыр» кешеніндегі 234 нысанды Қазақстанға қайтармақ

Ресей «Байқоңыр» кешеніндегі 234 нысанды Қазақстанға қайтармақ. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

«2022 жылғы 2 желтоқсандағы «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысының хаттамасын орындау аясында Ресей тарапы жалға алушылар құрамынан шығаруға ұсынылатын 234 объектінің тізбесін ұсынды. Олардың базасында 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын құра отырып, өндірістерді ұйымдастыру жоспарланып отыр», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, ғарыш саласы инвестицияларды мемлекеттік қолдау аясында басым салаға жатқызылған. Үкіметтің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне ғарыш аппараттарын, жүйелерін өндіру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету сияқты қызмет түрлері жатқызылған.

«Туризмді дамыту мақсатында 2023 жылғы қыркүйекте «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысында берілген тапсырмаларды іске асыру үшін тараптар оның базасында ғарыш техникасының үлгілері мен макеттерін орналастыра отырып, музей кешенін құру үшін «Гагаринский старт» 1-ші және 2-ші алаңын одан әрі пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлейді. «Зенит-М» ғарыштық зымыран кешені нысандарының туристік тартымдылығын жақсарту үшін тур бағдарламасы әзірленді. Зымыран қозғалтқыштары, «Союз-5» зымыранының макеті орнатылды, киіз үй орнатылып «Этноауыл» экспозициясы және тағы басқалары жасалды. Бұдан басқа, «Байқоңыр» кешенінің «Крайний» әуеайлағының әуе кеңістігін пайдалану және кешенде тұрақты әуе қатынасын қалыптастыру мақсатында Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында мемлекеттік органдар мен аккредиттелген ұйымдардың келісімінде тұрған Келісімнің жобасы әзірленді», - деді Премьер-Министр.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: osken-onir.kz

17 мамыр 2024 ж. 273 0