"Жазғы мектеп" жұмысы басталды

"Жазғы мектепке" ата-аналарының келісімі бойынша 7530 бала қамтылып отыр. Оқыту икемді кесте бойынша қызықты форматта ұйымдастырылып, үй тапсырмасы берілмейді әрі баға қойылмайды.
Сондықтан оқушыларға оқу бағдарламасындағы күрделі әрі қиындық туғызатын материалдарды игерту үшін пән мұғалімдері ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, танымдық ойындар мен логикалық тапсырмаларға толы сабақтар өтетін болады.
Арал аудандық білім бөлімі