Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінде мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті

Сыр елінде мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті

Мемлекеттік рәміздер – егемен еліміздің тәуелсіздігін айғақтайтын, біртұтастығын бейнелейтін, бүгіні мен болашағын бағдарлайтын жарқын бейнесі.
Осыған орай, бүгін қаладағы Рәміздер алаңында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік салтанатты шара Әнұранмен басталды.
Іс-шара барысында Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталып, құрмет төрінен көрінді.
Мерекелік шара соңында Мемлекеттік Ту көтерілген жеңіл көліктердің қатысуымен автошеру ұйымдастырылды.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
04 маусым 2024 ж. 278 0