Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Аралда мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін Арал қаласындағы Рәміздер алаңында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған «Туым – тұғырлы, Елтаңбам – еңселі, Әнұраным – айбатты!» атты салтанатты шара өткізілді.
Мерекелік шараға аудан әкімі Серік Сермағамбетов қатысып:
– Біздің тағылымды тарихымыздан сыр шертер мазмұны терең нышандарымыз кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Әрбір Қазақстан азаматы үшін мемлекеттік рәміздер – қастерлі! Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын деймін. Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық, –  деп лебізін білдірді.
Мерекелік жиында қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өткізілді. Сонымен қатар бірнеше қала тұрғынына алғашқы азаматтық төлқұжат салтанатты түрде табысталды.
Мемлекеттік нышандарымыз ұлықталған шарада патриоттық әндер айтылып, күмбірлеген күй тыңдалды.
Салтанатты жиын аудан жастарының велошеруіне ұласты. Рәміздер күні аясында ұйымдастырылған велошеруде қолдарына мемлекеттік Ту ұстаған жастар қала көшелерін аралап өтті.







Арал ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы 
04 маусым 2021 ж. 638 0