Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде ҚР Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Сыр өңірінде ҚР Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Кеше ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылорда қаласындағы Рәміздер алаңында ”Туған жерім менің - Қазақстаным!” атты облыстық патриоттар форумы өтті. Салтанатты шараға жиналған қауым Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындады. Сондай-ақ, мерекелік шара соңында Мемлекеттік Ту көтерген 15-тен астам жеңіл көлік пен 10 мотошабандоздың шеруі өтті.
Айта кетейік, Сыр өңірінде ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай 100-ге жуық іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының және «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері арнайы сапта жүреді. Сонымен қатар Байқоңыр қаласында жалпыхалықтық патриоттық шаралар өткізілсе, барлық аудандарда Елтаңба авторы, сырбойылық Жандарбек Мәлібековтің еңбектері насихатталмақ. Мемлекеттік Ту авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына арналған шаралар, патриоттық акциялар, көрмелер мен танымдық сағаттар өткізілмек.


Өңірлік коммуникациялар қызметі
05 маусым 2023 ж. 233 0