Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданында жылжымалы медициналық кешен жұмысы тегін қызмет көрсетуде

Арал ауданында жылжымалы медициналық кешен жұмысы тегін қызмет көрсетуде

03-ші маусым мен 07-ші маусым аралығында жылжымалы медициналық кешен Арал ауданында халыққа тегін қызмет көрсететін болады.
Жылжымалы медициналық кешеннің жетекшісі Кулмаганбетов Айдос Қалдыбекұлы, Арал аудандық көп бейінді ауруханасының бас дәрігері Қуанышбаев Бауыржан Мұратбекұлы және бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Кемалова Гульмира Балтабековна, БМСК жөніндегі орынбасары Адильбаева Лаура Жанысовнамен бірлесіп халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатерлі ісіктің алдын алу, дер кезінде арнайы тексерулерден өту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ақпарат берілді.
Жылжымалы медициналық кешеннің негізгі мақсаты «Қазакстан халкына денсаулық жолы» қайырымдылық жобасы аясында «Қазакстан халкына» қоғамдық қоры бірлесіп Қызылорда Облыстык Онкология Орталығы құрамында Компьютерлік томография, Томосинтез функциясы бар цифрлық маммограф және сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық аппаратпен жабдықталған жылжымалы мобильді кешенді пайдалана отырып облыстың ауыл
тұрғындарына жоғары диагностикалық
зерттеулермен қамтамасыз ету көзделген. Бекітілген жоспарға сәйкес облыстың барлық аудандарын, ауылдарын аралап зерттеулерді қажет ететін нысаналы топтарды атап айтсақ, сақтандырылмаған біріншілік пациенттерді, жасына сәйкес онкоскринингтен өтетін тұрғындар, Д есепте тұрған пациенттерді зерделеу болып табылады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарғада барлық жағдай жасалынған. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус-лифті бар екенін айта кетуіміз керек. Яғни медицина қызметкерлері үшін де, пациенттер үшін де қолайлы жағдай жасалған.
Құрметті Арал ауданының тұрғындары Сіздер үшін жасалған қолжетімді көмекті пайдаланып, білікті мамандардың кеңесін алып тегін зерделеуден өтуге шақырамыз.

"Толқын" ақпарат 
04 маусым 2024 ж. 228 0