Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада өнімге көңілі толмаған тұтынушыларға 6,4 млн теңге қайтарылды

Қызылордада өнімге көңілі толмаған тұтынушыларға 6,4 млн теңге қайтарылды

Қызылорда облысында тұтынушыларға барлығы 6,4 млн теңге қайтарылды.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушы құқығын қорғау департаментіне 203 өтініш келіп түскен.

Аталған өтініштер бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдануда.

«Тұтынушы тарапынан келетін арыз-шағым азаяр емес. Оның басты себебі — көлеңкелі сауданың құрбаны болып, алаяқтарға алдануы, тұтынушы өз құқығын білмеуі және чек талап етпеуі. Былтыр тұтынушылардың бұзылған құқығы бойынша 114 өтініш келіп түскен. Биыл олардың санын 203-ке жетті. Оның ішінде 60 өтініш қанағаттандырылып, 71 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Осының нәтижесінде тұтынушыларға барлығы 6,4 млн теңге көлемінде қаржы қайтарылды», — дейді Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимурзаев.

Азық-түлік тауарларының сапасы мен анықтамасының талапқа сай келуін қадағалау мақсатында «Сапалы өнім» жобасы жүріп жатыр.

Бүгінде Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
07 маусым 2024 ж. 254 0