Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемді тербеткен - Ана

Әлемді тербеткен - Ана

Жер бетіндегі бар тіршілік нәр алып, бастау алатын, табиғат оянып, бәйшешек гүлдер көңілге қуаныш ұялататын көктемнің тұңғыш мерекесі Аналарға арналған. «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, ананы қастерлеп сыйлайтын халықтың бірі де, бірегейі – біздің қазақ» деген Елбасымыздың сөзі ұлттық салт-дәстүрімізді ерекшелігін айғақтайды. Әйел-Ана – ұлтымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, дарытушы. Үйде ана, түзде батырлыққа тәрбиеленіп, жаугершілікте ерлермен бірге атқа қонып, бейбіт кезде бесік тербетіп, ұл-қызын даналығына баулыған ежелгі жырлардағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, бергі дәуірдегі Домалақ ана мен Айша бибі, таңбалы тарихтағы Қасымханның анасы – Жаған бике, Есім ханның анасы – Жақсы бике, одан бері де ұлы Абайды тәрбиелеген Зере мен Ұлжан, қол бастаған Тұмар мен Бопай, ел билеген Айғаным, есімі аңызға айналған Қабанбай батырдың жары Гаухар, өз жұртындағы бірліктің ұйытқысы бола білген Ұлпан ана, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлігімен әлемге танылған Шығыстың қос шынары – Кеңес Одағының Батырлары Әлия мен Мәншүк сынды батыр бейнелері халық жадында. Қиын кезде ердің жүгін көтерген әйел затының қоғамдағы орны қашанда биік.
Эльвира ӘБДІРАХМАНОВА,
№230 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
07 наурыз 2019 ж. 3 354 0