ТӨЛ ТАРИХЫН БІЛЕТІН ЖӘНЕ БАҒАЛАЙТЫН ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Неғұрлым тұтастыққа жету үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тәрбиелік маңызға бай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қажет. Кез келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алады. Елбасы мақалада осы ұстанымды айқын көрсетіп берді.
Сондықтан, ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз туралы ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасын цифрлық өркениет жағдайында жаңғыртуға ел болып, халық болып мүмкіндік жасауымыз қажет.
Бұл жөнінде Н.Ә.Назарбаев: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» - деген болатын.
Арал аудандық білім бөлімінің
басшысы С. Жанназарова