Тарихымызды тануға тағы бір мүмкіндік тумақ

–Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын.
Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек, – деді.
Міне, осындай басымдықтар мен салаға байланысты «Архив – 2025» бағдарламасы арқылы біздегі тарихшылармен мен деректанушылар алдағы жеті жылдың шеңберінде шаң басқан архивтердің талайына терең бойлап, бұрын соңды ел естімеген тарихи тың деректерге куә боламыз деген ойдамыз. Бастысы түпкі тамырымыздың қайдан тарағанын, сонау ескі дәуірден бастау алатын қазақ мәдениеті мен тарихын тану арқылы біз әлемде өзіндік орнымызды айшықтаймыз. Елбасының жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осыған мүмкіндік бермек.
Б.Қуатов,
Арал аудандық мұрағат басшысы.