Белсенді тілшілер марапатталды

Партияның қалалық филиалының атқарған шаралары мен партиялық жобалардың, бағдарламалардың іске асуы турасында қалам тербейтін тілшілер қауымының еңбегі ерен.
Басқосуда «Орталық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Марат Аралбаев:
- Қай істе болмасын тілшілер қауымының еңбегі орасан. Сондықтан, кәсіби мереке қарсаңында сіздерге түрлі деңгейдегі марапат табысталуда. Оның ішінде «AMANAT» партиясының да жылы лебізі бар. Алдағы уақытта партия жаңалықтарын ақпарат құралдары бетіне жариялап, атқарылған жұмыстарды оқырмандарға тұрақты түрде жеткізіп отырады деген ойдамын. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!,-деді.
Жиында белсенді тілшілерге партияның қалалық филиалының атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.