Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда келесі жылдан бастап Ұлттық кітап күні тойланады

Қазақстанда келесі жылдан бастап Ұлттық кітап күні тойланады

Үкімет қаулысына сәйкес, жаңа мереке 23 сәуірде тойланбақ. Мерекелік дата Қасым-Жомарт Тоқаевтің үшінші ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында берген тапсырмасына орай пайда болды.

Бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланған болатын.

«Жоба қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 23 сәуір — Ұлттық кітап күні мерекесін мерекелік күндер тізіміне енгізу мақсатында әзірленген» делінген еді қаулы жобасында.

Құжат 22 мамырға дейін қоғам талқысына ұсынылды.

Ал қаулы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енетінін атап өткен жөн.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін сенатор Нұртөре Жүсіп Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында Қазақстандағы қатардағы кітапханашылардың орташа жалақысы 125 000 теңге екенін және бұл білікті кадрлардың осы саладан кетуіне әкелетінін айтып, Кітапхана ісі туралы жеке заң қабылдау қажет екенін алға тартқан болатын.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
09 шілде 2024 ж. 139 0