Құрылыс саласында жоспарлы іс көп

– Жоспарланған қаржының 100% игерілді. Басқарманың тапсырысымен негізгі 4 күрделі сала бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салалары. Білім саласында биыл 35 нысанның құрылысы жүргізу жоспарланып, қазіргі таңда 24 нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатса, 1 нысан пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 10 мектептің құрылысы басталды, олардың барлығын осы жылы аяқтау жоспарланған. Қалған 11 мектеп биыл басталып, 2025 жылы пайдалануға берілетін болады. Биыл пайдалануға берілетін мектептердің барлығына инфрақұрылым жеткізіген, абаттандыру жұмыстары да жақын күндері басталып, 1 тамызға дейін аяқтау межесі қойылған. Сондай-ақ денсаулық сақтау, мәдениет,спорт салалары бойынша құрылыстар өз жалғасын таппақ,- деді Ерлан Кәрімбекұлы.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz