Қызылордада құрылыс қарқыны күшеймек

-Өздеріңіз білетіндей, былтыр тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спортпен тұрақты айналысушылар үшін 8 спорт кешені ашылды. Ал денсаулық сақтау саласында 15 дәрігерлік амбулатория мен 1 медициналық бекет пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облыс көлемінде құрылысы 2018-2020 жылдары басталып, түрлі себептермен аяқталмай қалған бірнеше әлеуметтік нысандардың құрылысы қайта басталып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Атап айтқанда, Жаңақорған кентіндегі 300 орындық мектеп, Әйтеке би кентіндегі 250 орындық мектеп және 600 орындық мәдениет үйі, Жақсықылыш кентіндегі спорт кешені ел игілігіне табысталды. Ендігі кезекте биыл облыс көлемінде 111 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұған қоса, 7 ауданда «Руханият орталықтарының» құрылысы басталатын болады, - деді басқарма басшысы Ерлан Кәрімбекұлы.
Айта кетейік, биыл құрылыс саласына бөлінген қаражатқа 28 білім ұйымы, 6 денсаулық сақтау нысаны, 5 мәдени нысан, 11 спорт нысаны, 11 тұрғын үй құрылысы салынады. Ал қоғамдық тәртіпті сақтау саласына байланысты 1 нысан мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша 49 жоба жүзеге асырылмақ.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі