Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Ұлттық банктің Ақ­ша-кредит саясаты­ комитеті базалық мөл­шерлемені жылдық 14,25%-ға дейін, 25 ба­­зис­тік тармаққа т­ө­мен­дету туралы ше­шім қабылдады. Әлем­дегі азық-түлік ба­ға­сының өсуі мен Ресей­­­де инфляцияның же­дел­деуіне байланысты сырт­­қы инфляциялық жағ­дай қолайсыздау болып отыр деп мәлімдейді Ұлт­тық банк (ҰБ).

Ұлттық банк келіп түсетін деректерді, соның ішінде баға өсуінің тұрақты бөлігін және жалпы инфляцияның таргет­ке жақындау траекториясын бақылайды. Баға өсуінің бә­сең­деу үрдісін бекіту үшін және инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа қол жеткізу үшін ақ­ша-кредит шарттары ұзақ уа­қыт бойы ұстамды қатаң қал­пын­да сақталады», делінген ҰБ хабарламасында.

Жылдық инфляция 2024 жылғы маусым айында 8,4%-ға дейін төмендеді және ҰБ болжамы шегінде олардың орталық мәнінен төмен қалыптасты. Ба­ға өсуінің баяулауына азық-тү­лік тауарларының төмен инф­ля­циясы, сондай-ақ тариф­тік реформаны іске асыру қар­қыны­ның бәсеңдеуі негізгі үлесті қос­ты. Осыған қарамастан, жылдық инфляция құрамында «Тарифті инвестицияға айыр­бастау» бағдарламасы және нарық­тық қыз­меттердің қым­бат­тауы аясын­да ақылы қызмет­тердің бағасы барынша өсіп келеді.

ҰБ дерегінше, халықтың инфляциялық күтулері құбыл­ма­лы: олар сәуірдегі жоғары мәндерінен төмендеді, алайда теңге бағамының аздап әлсіреуіне байланысты маусым айында біршама өсті. Базалық мөл­шерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешім 2024 жылғы 29 тамызда жарияланады.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Сурет: ашық дереккөз 
14 шілде 2024 ж. 144 0