"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасуда

Мұнан бөлек түрлі аумаққа белгіленген сектор бойынша тазалық жұмыстары қарқын алып, №2, 4, 5 сектор – «Жайлы мектептің» артқы аумағын, №6, 7 сектор - Керуен сарайының және №1 сектор - №64 орта мектебінен бастап әскери қалашыққа дейінгі аралықты қоқыстан тазалап, арнайы карьерлерді тегістеу және сор көлдерді көму жұмыстарын жүргізді.
Туған өлке, қошаған ортаға деген жанашырлықтың үлгісін танытып, тазалық жұмыстарында белсенді болу үлкен маңызға ие. Себебі үздіксіз жүргізілген тазалықтың арқасында қаламыз көрікті мекенге айналып келеді. Қоршаған ортамызды таза ұстайық жерлестер!


