Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Родина ауылын аралап көрді

Президент Родина ауылын аралап көрді

Мемлекет басшысының Ақмола облысына жұмыс сапары Целиноград ауданындағы Родина ауылында жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдағы Мәдениет үйін аралады.

Жалпы ауданы 1563 шаршы метрді құрайтын нысанда хореграфия және спорт залдары, дыбыс жазу студиясы мен үйірмелерге арналған кабинеттер бар. Мәдениет мекемесінің жанынан түрлі шығармашылық ұжымдар құрылған. Сонымен қатар бірнеше спорт үйірмесі жұмыс істейді. Оларға 400-ден астам ауыл тұрғыны қатысады.

Президентке «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр серіктестіктің ауылда іске асырып жатқан әлеуметтік жобаларын таныстырды. Былтыр бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания Родина ауылының игілігіне 791 миллион теңге қаржы бөлген.

Мемлекет басшысы Мәдениет үйі өнерпаздарының «Достық шуағы» композициясын тамашалап, ауыл тұрғындарымен жүздесті.
Сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Ауылға арнайы келдім. Құрметті Иван Адамович Сауэрдің шаруашылығы жайында бұған дейін көп естіген болатынмын. Бірақ мұнда келіп, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысудың реті болмай жүр еді. Бұл – өте үлкен әрі барлық көрсеткіш бойынша үздік шаруашылық. Баршаңызға бақ-береке тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент Родина ауылының «Наша родина» супермаркетін, «Достық» саябағы мен жалпы орта білім беретін мектебін аралап көрді.

Сурет: ашық дереккөз 

16 тамыз 2024 ж. 99 0