Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы министрі «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысымен танысты

Ауыл шаруашылығы министрі «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысымен танысты

Kyzylorda-news.kz. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келіп, Нағи Ілиясов ауылында «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысымен танысты.

Былтыр бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге қаралып, 406 жобаға несие берілді. Соның арқасында 700-ден астам жұмыс орны құрылды.

Несие алғандар жеңіл өнеркәсіпті де игеруде. Мәселен, Махамбетов ауылының тұрғыны Сәрсенгүл Аралбаева «Ауыл аманаты» арқылы қол жеткізген 5 млн теңгеге шұлық өнімдерін шығаратын құрал-жабдықтар сатып алды. Қазір күніне 200-250 дана шұлық сатуда. Жобаға дейін тұрақты табысы болмаған Сәрсенгүл Аралбаева бүгінде жеке кәсіпкер.

Өнімге деген сұраныс өте жақсы. Енді кәсіпті кеңейту жағын ойластырудамын. Әзірге екі адам жұмыс істейміз. Кәсібім кеңейіп жатса, жұмыс орындары да көбейеді.  Қолдау білдіргендерге алғысым шексіз!», - деді ол.

Ал Сырдария ауданының Айдарлы аулында көне кәсіпті жаңғыртқан  кәсіпкер бар. Зейнеткер Марияш Әлжанова  киіз басып, түкті кілем, сырмақ тігеді. «Ауыл аманаты» жобасы арқылы алған қаржыға цех ашып, 6 адамды жұмыспен қамтуда.

Айдарбек Сейпілұлы қолға алынған бұл жобаларды жоғары бағалады. Жобалар көрмесінің кезінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев биылғы жобаның аймағымызда жүзеге асырылуына 4,6 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Осыған сәйкес, 575 жоба қаржыландырылып, 610 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде екенін айтты.
Сурет: ​kyzylorda-news.kz​​​
17 тамыз 2024 ж. 136 0