Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ауыл тұрғындарына 2,5%-тік микрокредит беріледі

Қазақстанда ауыл тұрғындарына 2,5%-тік микрокредит беріледі

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев "Ауыл аманаты" жобасы аясында ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен микрокредит берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол президенттің тапсырмасымен ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі "Ауыл аманаты" жобасын іске асыра басталғанын атап өтті.
"Оның аясында сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы 5 жылға дейінгі, мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейінгі мерзіммен, жылдық 2,5 пайызбен микрокредиттер беріледі. Микрокредиттің ең жоғары сомасы 8,6 млн теңгені құрайды, бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін - 27,6 млн теңге", - деді Қарашөкеев үкімет отырысында.
Биыл осы мақсатта 100 миллиард теңге бөлінген. 17 мың микрокредит беру жоспарлануда, бұл 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
7 жыл ішінде жобаға миллионнан астам ауыл тұрғындарын қамти отырып, 1 трлн теңгеге дейін бағыттау жоспарлануда. Оларды кооперативтік кәсіпкерлікке тарту арқылы 350 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға болады. 
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл қосымша 5 млн гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы алқаптары мемлекетке қайтарылады. Бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына мал жайылымдары үшін бөлінетін болады, деп атап өтті ол. 
Айтуынша, жобаны іске асыру үшін биыл 17 мың микрокредит беру жоспарланған. Бұл мақсатқа 100 млрд теңге көзделіп отыр. Осының арқасында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.
04 сәуір 2023 ж. 336 0