Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында бір күнде аудан және 8 ауыл әкімінің сайлауы өтеді

Қызылорда облысында бір күнде аудан және 8 ауыл әкімінің сайлауы өтеді

Қызылорда облысында қыркүйек айында бір күнде аудан және 8 ауыл әкімінің сайлауы өтеді.

Сыр өңірінде ауыл тұрғындарының әкімдер сайлауына қатысу белсенділігі жоғарылап келеді. Былтыр жергілікті жұртшылық 1 кент және 37 ауылдық округ әкімін таңдады. Ал осы жылдың 7 айында 2 кент және 21 ауылдық округ әкімі жаңадан сайланды.

«Сайланған әкімдердің басым бөлігі өзін-өзі ұсыну жолымен қатысқан. Енді 15 қыркүйекте Шиелі ауданында өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталған аудан әкімінің сайлауы ұйымдастырылады. Дәл осы күні 5 ауданда 8 ауылдық округтің әкімдері сайланады. Атап айтқанда, Арал ауданындағы Қосаман, Сазды, Бөген , Қазалы ауданындағы Алға, Тасарық, Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев, Жалағаш ауданының Таң, Шиелі ауданының Телікөл ауылдық округінде әкім сайлауы өтеді. 8 ауылдық округ бойынша 5626 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Сондай-ақ 11 сайлау учаскесінде 59 комиссия мүшесі қызмет атқарады», - деп мәлім етті облыстық сайлау комиссиясынан.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: kaz.inform.kz
22 тамыз 2024 ж. 159 0