Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 30 кент және ауылдық округтерде әкім сайлауы өтеді

Қызылорда облысында 30 кент және ауылдық округтерде әкім сайлауы өтеді

Қызылорда облысында жыл басынан бері 1 кент және 10 ауылдық округ әкімінің сайлауы өткізілді.

Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, биыл аймақта 25 кент және ауылдық округ әкімдерінің өкілеттілік мерзімі аяқталады. Сондай-ақ тұрғындар өкілеттілігі мерзімінен ерте аяқталған 5 ауыл әкімін сайлайды.

«Алдағы жексенбіде, 7 шілдеде Шиелі ауданындағы Ақмая және Тұран ауылдық округінде сайлау ұйымдастырылады. Бұл ауылдық округтер бойынша 3417 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Онда 2 учаске құрылып, 14 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Ал, 14 шілде күні Қазалы ауданының Әйтеке би кенті мен Жаңақорған ауданының Сунақата ауылдық округінің тұрғындары жаңа әкімді сайлауға атсалысады. Кент және ауылдық округ бойынша 30 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру кабинасы талапқа сай жабдықталды. Мүгедектігі бар азаматтар үшін де қолайлы жағдай жасалған»,- деп атап өтті облыстық сайлау комиссиясынан.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
02 шілде 2024 ж. 138 0