Қызылордада мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтуде

Таңғы сағат 7.00-де барлық учаскелер ашылып, дауыс беруге кірісті. Тұрғындар таң сәріден келіп, өздері қалаған кандидатқа дауыс беріп, таңдауларын жасады. Учаскеге бірінші болып келген қарт сайлаушы Нұрғали Мүсіпов сайлау науқандарына тұрақты түрде қатысып келе жатқанын және бұл әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігі екенін жеткізді.Сондай-ақ, ең алғаш келген және тұңғыш рет дауыс беруге құқылы сайлаушыларға сыйлық берілуде. Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.Айта кету керек, Қызылорда облысының мәслихат депутаттығына 3 кандидат, Арал аудандық мәслихаты депутаттығына 3 кандидат, Жаңақорған аудандық мәслихаты депутаттығына 4 кандидат тіркелген.
Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы