Бүгін - Кеншілер күні

Кәсіби мереке елімізде жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде аталып өтеді.
Мемлекет басшысы 107 кеншіні марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Атап айтқанда, 36 шахтер «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 43 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.
Сурет: ашық дереккөз