ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты «Көкарал» бөгетінің жұмыс барысын көрді

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы 2024 жылдың 8 ақпанында өткізген кеңейтілген отырыста, үкіметке ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін екі есеге ұлғайту жөнінде - тапсырма жүктеген болатын. Ендігі беталыс белгілі.
Балық шаруашылығын дамыту да күн тәртібінде тұр. Арал өңірі үшін өмірлік маңызы бар «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының жүзеге асырылуы нәтижесінде, облыста балық шаруашылығын дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалды.
Балық аулау көлемі 2005-шы жылмен салыстырғанда 9 есеге ұлғайды.

Су тоспасы салынғаннан кейінгі қол жеткізілген нәтиже теңіздің құрғаған ұлтаны ауданы 870 шаршы метрді құрайтын сумен жабылған.
Бөгет үшін САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру маңызды. Арал теңізі бассейніндегі экологиялық көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсарту үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жаңа жобасын дайындауда.
Жобаның алдын ала жалпы құны 190 млн. АҚШ доллары шамасында.
Жоба 3 компоненттен тұрады және келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.
"САРАТС-ІІ" жобасы жүзеге асырылған жағдайда су бетінің ауданы Кіші Арал теңізінің деңгейі Балтық жүйесі бойынша 48 метр, су бетінің ауданы 4645 км2, су көлемі 51,17 млрд.м3, судың тұздылығы 8-10 грамм/литр,
Арал қаласына дейін теңіз жағалауының су айдыны 1 шақырым және балық түрі 22-ге жетеді деп күтілуде.
Кіші теңізге дем берер маңызды жобаның қолға алынғаны бәріміз үшін маңызды. Әсіресе аралдықтар айрықша үміт күтеді.
#AMANAT