Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аз қамтылған жанұяларға үй беру үшін бюджеттен 50 млрд теңге бөлінеді

Аз қамтылған жанұяларға үй беру үшін бюджеттен 50 млрд теңге бөлінеді

Елімізде аз қамтылған жанұяларды баспанамен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 50 млрд теңге бөлінбеді. Бұл норма «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді, Олар өңірлер бойынша қалай үлестіріледі? Кезекте тұрған азаматтар үшін. Олардың қорғану құқығы қалай болмақ? Аз қамтылған, көпбалалы, толық емес жанұялар үшін 20 жылға екі пайызбен жеңілдікті несие беріледі. Бұл несиеге жаңа үйлерді алады немесе аудан орталықтарында бұрын соғылған үйлер ғана ұсынылады. Бұл сұрақ қалай шешіледі?», -деді Нұртай Сабильянов.Бұл мәселеге қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жауап берді. Ол қазіргі уақытта 28 мың адамның үй кезегінде тұрғанын, олардың негізгісі Түркістан облысында екенін мәлімдеді. Ал кезекке тұру бойынша екінші орынды Алматы облысы иеленсе, тізімді Солтүстік Қазақстан облысы түйіндеген.Бұл өңірде баспана үшін кезекте 342 адам ғана тұр.
«Тізім бойынша олар бекітілді. Олардың барлығы дерлік аудан орталықтарында тұрмайды. Біз тізімді жинап қойдық. Түркістан облысы бойынша 4800 адам, оның ішінде Кентауда-645, Арыста-641 адам кезекте тұр.Байқап қарасақ, олардың жартысы облыс орталықтарында, ал қалғандары аудандарда тұрады. Қаржы министрлігімен келісе отырып, осы жылы 50 млрд теңгенің 25 млрд теңгесі баспана алуға жұмсалатын болды. Қаржы министрлігі мамандары мұны бағдарламаға қосуды ұсынды. Енді екі бөлімге бөлеміз.(…)Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бойынша тек жаңа үйлерге емес, бұрын соғылған баспаналарға да рұқсат беретін боламыз. Бұл тұрғыда, ең басты мәселе азаматтарымызды баспанамен қамту болып отыр. Сол үшін мұндай рұқсат береміз», -деп түсіндірді ол.
www.qazbrand.info
14 наурыз 2019 ж. 1 070 0