Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент екі дүркін чемпион Давид Дегтяревті құттықтады

Президент екі дүркін чемпион Давид Дегтяревті құттықтады

Президент парапауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған Давид Дегтяревті құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент құттықтауын Х әлеуметтік желісінде жазды.

"Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, 4 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Парапауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақта Давид Дегтярев чемпион атанды.

Давид Токиодағы жетістігін қайталап, Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы болды.

Париждегі бірінші мүмкіндігінде 185 келі салмақты бағындырды. Одан кейін 186, үшінші мүмкіндігінде 188 келіні еңсерді.

Күміс медальды кубалық параспортшы алса, қоланы қытайлық қарсыласы қанағат тұтты.
Давид 2021 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарында да дәл осы салмақта алтын алған.

Давид Дегтярев 1996 жылы 12 маусымда Атбасар қаласында (Ақмола облысы) дүниеге келген;
Давид 19 жасында спортпен айналыса бастаған.
Халықаралық деңгейде Давид өзінің дебютін 2017 жылы Дубайда өткізді, ал алғашқы беделді жеңісіне бір жылдан кейін қол жеткізді. Ол Паразиада-2018-де күміс алды;
Давидтің кумирі – Лионель Месси.
05 қыркүйек 2024 ж. 49 0