Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Наурыз мерекесіне орай келесі аптада ел тұрғындарын бес күндік демалыс күтіп тұр.
Наурыз мерекесі 21 пен 23 наурыз аралығында тойланады.
Алайда 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 25 наурызға ауыстырылады.
Осылайша қазақстандықтар 21-нен 25-ші наурызға дейін демалып, 26-шы наурыз жұмысқа оралады.