Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС: Халықтық штаб мүшелері Сексеуіл кентінің тұрғындарымен кездесті

АЭС: Халықтық штаб мүшелері Сексеуіл кентінің тұрғындарымен кездесті

Кездесу барысында үгіт-насихат тобы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, электр энергиясын өндіруде АЭС-ның рөлін айтты. Қазіргі таңда озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде өз жетістігін беруде.
“Біздің еліміз де дамыған елдер қатарына қосылғысы келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз орынды. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді, әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді”.
Қазақстанда екі ірі ғылыми ұйым бар: 1. Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығы, 2. Алматы қаласындағы Ядролық физика институты.Бұл институттар атом электр станциясын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету рөлін атқарады, ал қызметкерлері МАГАТЭ сарапшылар құрамына кіреді.Осы екі ұйымның базасында ИГР, ИВГ.1М және су-сулы типті ВВР-Катом зерттеу реакторлары, қазақстандық термоядролық материалтану
токамак ҚТМ, Ядролық медицина және биофизика орталығы, сондай-ақ эксперименттік, аспаптық-талдамалық және зертханалық жабдықтардың үлкен паркі, бірегей мамандандырылған қондырғылар жұмыс істейді.
Кездесуде ауыл тұрғындары АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен тұшымды жауаптарын алды.

#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
16 қыркүйек 2024 ж. 119 0