Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС: Халықтық штаб Қазпочта ұжымымен кездесті

АЭС: Халықтық штаб Қазпочта ұжымымен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Аудандық Халықтық штаб өкілдері Атамекен кәсіпкерлік палатасының директоры Ембергенова Нұрсауле ,Асанбаев Арғынбай және Қарамырзаев Амантай Қазпочта ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында үгіт-насихат тобы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, электр энергиясын өндіруде АЭС-ның рөлін айтты. Қазіргі таңда озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде өз жетістігін беруде.
Атом энергетикасы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады. Іргелес салалар үшін орасан зор мультипликативті әсер береді және ғылыми зерттеулердің өсуіне әкеледі.
Осылайша, атом электр станцияларын салу және пайдалану озық технологияларды, инновацияларды және ІТ шешімдерді енгізуді талап етеді. Соңғы жылдары ядролық синтез және термоядролық реактор сияқты ядролық энергияның жаңа түрлерін дамытуға қызығушылықтың артуы байқалады.
Энергетика саласындағы инновацияларды дамытуда әртүрлі білім саласындағы ғалымдар арасындағы ынтымақтастық дамып келеді. Мысалы, жасанды интеллект ядролық ғылымның дамуында маңызды рөл атқаруда. ЖИ ауқымды және күрделі мәселелерді шешу қабілетінің арқасында термоядерлік синтез саласындағы эксперименттер жүргізуге және модельдеу мен имитациялау арқылы ғылыми жаңалықтар ашуға мүмкіндік береді.
Кездесуде Қазпочта мекемесінің қызыметкерлері референдум АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
13 қыркүйек 2024 ж. 117 0