Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб мүшелері Аққұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Халықтық штаб мүшелері Аққұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері Аққұм ауылдық округінің халқымен кездесті.

Штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу.

Сондай-ақ, кездесуде штаб мүшесі Арғынбай Асанбаев:
– Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды. Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерді ел болып, халық болып, елдің өркендеуіне байланысты жасалып жатқан мүмкіндік деп түсінуіміз керек, – деп  қолған алынып жатқан үлкен істің маңыздылығына тоқталды. 
Кездесуде Аққұм ауылдық округінің тұрғындары референдум АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.

"Толқын" ақпарат

09 қыркүйек 2024 ж. 125 0