Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 маусымда өтетін референдумға бірауыздан қатысайық

5 маусымда өтетін референдумға бірауыздан қатысайық

Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум - жалпыхалықтық деңгейде алғаш рет өткізілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымда болатын референдум жайлы шешімі мемлекеттің әрбір азаматына үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы күнге маңызды қадам жасауға жетелейді.
Осы мақсатта Аққұм ауылдық округінің тұрғындарын, ардагерлер кеңесінің төрағысы Бақытжан Сматуллаев ардагеріміз Ата Заңымызға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер туралы кеңінен таныстырып, маңыздылығына тоқталып, 5 маусымда өтетін жалпы халықтық референдумды бірауыздан қолдап, баршамызды саяси науқанға біркісідей қатысуға шақырды.

Бақытжан Сматуллаев,
Аққұм ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы 

24 мамыр 2022 ж. 670 0