Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөгендіктер саяси науқаннан қалыс қалмайды

Бөгендіктер саяси науқаннан қалыс қалмайды

Өздеріңіз білетіндей, ауыл әкімінің сайлауын өткізген ауданға қарасты ауылдық округтердің бірі – Бөген. Жергілікті тұрғындардың қолдауына ие болған Айбек Аралбайұлы Әлішев ресми түрде Бөген ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезекті сапарында осы ауылға барып, жаңадан сайланған әкімді тұрғындарға ресми түрде таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Сайлау қорытындысын басшылыққа алып, Айбек Аралбайұлының кандидатурасын хабарлаған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Зағатов ауыл әкімінің қызметтік куәлігін табыстады.
Елдегі ашықтық пен әділдіктің салтанат құрғанын айтып, халықтың таңдауы ескерілгенін атап өткен ауыл тұрғындары ауданда қолға алынып жатқан жұмыстар мен тың бастамалардың барлығына қолдау білдірді. Өз кезегінде аудан басшысы Президент Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерді басшылыққа алып, алдағы республикалық Референдумға дайындық жұмыстары басталып кеткенін жеткізді. 6 қазанға білгіленген саяси науқанға ауыл тұрғындарын толық қатысуға шақырып, бұл жолы әрбір азаматтың таңдауы ел болашағына тікелей қатысты болатынын атап өтті.
Мұнан соң ауылдағы №20 орта мектепке барып, №17 референдум учаскесінің алдағы науқанға дайындығын бағамдады. Білім ошағының жыл беру мауысымына әзірлігін көріп, жылу қазандығының қай уақытта болсын іске қосылуға дайын болуы керектігін тапсырды.
Сосын аудан әкімі А.Оңғарбаев ауылдық округке қарасты Қарашалаң ауылына барып, №75 орта мектепте ауыл тұрғындарымен жүздесті. Елге жаңадан сайланған әкімді таныстырып, ортақ мәселелерді алдағы уақытта бірлесіп шешуге жұмыс жасалатынын атап өтті. Аудандық мәслихат төрағасы Б.Төрахметов тұрғындарға Атом электр станциясының артықшылықтарын айтып, қазіргі күні заманауи технологияның мүмкіндіктері арқылы ядролық станцияның қауіпсіздігі айтарлықтай төмендегенін, одан келер ешқандай қауіптің болмайтынын атап өтті.
Аудан әкімі А.Оңғарбаев ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріп, көтерілген әрбір мәселенің шешемі заң шеңберінде қарастырылатынын атап өтті. Тұрғындар тарапынан ауылдағы фельдшерлік пункттің көнергені және осы салада маман тапшылығы бар екені айтылды. Сондай-ақ тұрғындар шабындық жерлердің жоқтығы мен ауылдағы тазалық мәселесін қозғады. Айтуларынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылда сенбілік ұйымдастырылғанмен одан айтарлықтай нәтиже болмай тұр, ауыл сыртына шығарылған қоқыстар шашылып, экологиялық зиян тигіземе деген қорқыныш бар. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің орынды екенін атап өтіп, тиісті салалар бойынша ұсыныстармен жұмыс жүргізуді жауапты бөлім басшыларына жүктеді.
Артынша жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Айтылған ұсыныстарға қолдау болатынын айтып, оны шешу жолдары заңдылыққа сай жүргізілетінін атап өтті.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
19 қыркүйек 2024 ж. 118 0