Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Саздылықтар: Ел бірлігі бәрінен қымбат

Саздылықтар: Ел бірлігі бәрінен қымбат

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың кезекті сапары Сазды ауылына жалғасты. Қырдағы қаймағы бұзылмаған берекелі ауылдың бүгінде бағы бес елі. Түгін тартсаң майы шығатын құнарлы жердің астынан шығатын суы шәрбат тәрізді. Сондықтан мұнда бірінші кезектегі мәселе ауыз су емес елдің амандығы.
Кешегі жексенбіде өткен Сазды ауылындағы кезекті ауылдық округ әкімінің сайлауының нәтижесі белгілі болып, тұрғындардың қолдауына ие болған Айдос Қоңырбаев Сазды ауылдық округінің әкімі болып есептелінді. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Зағатов бұл жөнінде хабарлап, жаңадан сайланған ауыл әкіміне қызметтік куәлігін табыс етті. Аудан әкімі ел сеніміне ие болған А.Қоңырбаевты жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Сосын ауылдық клуб үйіне барып, ел тұрғындарымен жүздесті. Ауылдағы ағайынның ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріп, алда өтетін республикалық маңызы бар Референдум жайында айтып, саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырды. Аудандық мәслихат төрағасы Б.Төрахметов Атом электр станциясы баламалы қуат көздеріне деген тәуелділікті жойып, дамуға жол ашатын айрықша жоба екенін атап өтті. Басқа дамушы мемлекеттер мұндай станцияларды қос-қостан салып, энергия өндіру мәселесін жолға қойғандығын және сол арқылы энергетика саласын толыққанды дамытуға мүмкіндік болатынын атап өтті.
Ауыл тұрғыны А.Танымбетов саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауын жасайтынын айтып, халықтың үніне құлақ түретін биліктің жұмысын оң бағалады. Қай істе болсын ауызбірлік танытатын саздылықтардың таңдауы қате болмасын алға тартқан ардагер сайлаудың ашық әрі әділ өткенін айтып, аудан әкімі бастаған азаматтарға ризашылығын білдірді.
Мұнан соң аудан әкімі Ж.Түменбаев атындағы №60 орта мектепке барып, сайлау өткен учаскеде болды. Алдағы республикалық Референдумда №27 референдум учаскесінің дайындығын көріп, мектептің жылу беру маусымына әзірлігін бақылады.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
18 қыркүйек 2024 ж. 107 0