Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жұмыс сапарымен Сазды ауылында болды

Аудан әкімі жұмыс сапарымен Сазды ауылында болды

Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетов Сазды ауылдық округіне барып, ауылдық жерде атқарылып жатқан ауқымды істерді бағамдады.  
Аудан басшысы алдымен жаңадан салынған Сазды ауылына кіреберіс автожолды көрді.  Жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрайтын жол өткен жылы басталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қазіргі таңда жол белгілерін орнату жұмыстары жүруде.
Мұнан соң аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, өңірде мемлекеттік бағдарламадардың орындалуы мен аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан жұмыстардың барысына тоқталды. Сондай-ақ ең бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша да тиісті шаралардың легімен жүргізіліп жатқандығын айтты. Инфрақұрылымды жақсарту бойынша биылға бөлінген қаржыға аудандық маңызы бар жолдар мен ауыл ішілік жолдар салынғандығын айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатындығына тоқталды.
Ал, ауыл тұрғындары ұзақ жылғы тілектерінің орындалып, ауыл көшелерінің жарықтандырылғаны мен елді-мекенге кіреберіс жол түскендігіне ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ бұл жұмыстардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанына қуанышты екендіктерін айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
28 қараша 2023 ж. 221 0