Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 қыркүйек - Халықаралық бейбітшілік күні

21 қыркүйек - Халықаралық бейбітшілік күні

Халықаралық бейбітшілік күні 1981 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітіліп, 2002 жылдан бері 21 қыркүйекте атап өтіледі және соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырады.

Биыл БҰҰ Бас Ассамблеясының Бейбітшілік мәдениеті саласындағы декларация мен Іс-қимыл бағдарламасының қабылданғанына 25 жыл болады. Декларацияда Бас Ассамблея бейбітшілік – бұл «соғыстың болмауы ғана емес, сондай-ақ диалогты қолдайтын және өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде қақтығыстарды реттейтін позитивті, динамикалық және көпшіліктің қатысуына негізделген процесс» делінген.

Қазақстан дипломатия мен диалогты таңдап, осы қағиданы толықтай ұстанады. Біздің еліміз үнемі бейбіт бастамалар, келіссөздер алаңын ұсынады, БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысады.

Бұл күн келісім мен өзара түсіністіктің маңызды екенін көрсетеді, бұл кез келген қиындықтарды еңсеруге, тұрақты болашақ құруға көмектеседі.
Ақпарат көзі: baq.kz
Сурет: ашық дереккөз 
21 қыркүйек 2024 ж. 102 0