Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС: Халықтық штаб өкілдері білім саласының ұжымымен кездесті

АЭС: Халықтық штаб өкілдері білім саласының ұжымымен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб өкілі, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев және аудандық Халықтық штаб өкілдері Төреахметов Базарбай ,Қанатов Талғат білім саласының ұжымымен кездесті.
Бүгінде қоғам тарапынан атом станциясынан тарайтын радиацияның әсері кеңінен талқылануда. Бұл мәселе бойынша ғалымдар, атом станциясының III+ буынының радиция әсерінің адам баласына зияны жоқ екенін айтуда. Атом технологиясын дамыту сатысында радиация әсері мүлде жойылатынын атап өтуде.
Атом станциясының халықаралық стандарттары жайлы сөз қозғаған штаб мүшесі Мұрат Ергешбаев: МАГАТЭ ұйымы ғаламдағы атом станциясылының халықаралық заңдылықтарға сай салынуын, жұмыс жасауын қадағалайды. Қоғамдық санада радиациялық қауіп туралы стереотип сақталуда. Осы жерде айта кететін жайт, радиацияланған ядролық отын қалдық емес, қайта өңдеу нәтижесінде пайдалы материалдардың 90%-дан астамын қайта пайдалануға болатындығын атап өтті.
«Энергетика саласында көп жылдан бері еңбек еткендіктен, қоғам үшін электр қуаты қажеттілігінің маңызды екенін білеміз. Осыдан біршама жыл бұрын қаламызда бірнеше сағаттап жарық болмай қалған кездер бәріміздің есімізде. Дегенмен, өздеріңізге белгілі қаламызда жаңадан жылу-электр орталығы салынуда. Түркия елінен келген инвесторлар 215 млрд. теңгеге жылуды да, электр көзін де өндіретін орталық салуда. Олар келер кезде біз қажетті құрылғылардың сапалы, төзімді, қауіпсіз болуы жайлы талап қойдық. Олар талапты қабылдап, өңірімізге инвестиция құйды. Дегенмен, өңірдегі электр қуатының жетіспеушілігі бұнымен шешілмейді. Бір атом станциясының өзі 12 пайыз қажеттілігімізді өтей алады».

Кездесуде білім саласының өкілдері атом энергетикасының, мамандарды даярлау, атом құрылысы және халықаралық шарттар жайлы сауалдар жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
24 қыркүйек 2024 ж. 162 0