Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Жастар Мемлекет басшысының бастамасын қолдайды

Жастар Мемлекет басшысының бастамасын қолдайды

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері жастармен кездесті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері жастармен кездесті.
АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері қастысушыларға Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум – жалпыхалықтық деңгейде өткізілетінін және бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асыуының бірден-бір дәлелі екендігін түсіндірді.

АЭС құрылысы, біріншіден, халықаралық мәртебені нығайту болып табылады. Екіншіден, атом энергетикасының дамуы Қазақстанның технологиялық көшбасшылығын көрсетеді және оның халықаралық аренадағы беделін арттырады.
Үшіншіден, атом энергетикасы ғылым, технология және энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Кездесуде жастар референдум АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшелерімен бірге өз ойларын ортаға салды.
#AЭСүшін
#AЭСтaңдaймыз
#ХaлықтықШтaб
---
20 қыркүйек 2024 ж. 105 0