Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық халықтық штаб мүшелері Арал ауданында

АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық халықтық штаб мүшелері Арал ауданында

АЭС салуды қолдау жөніндегі Облыстық Халықтық штаб мүшелері Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы, Қожамберлиев Баймырза Қожамберліұлы , Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы , Сыздық Пірмұхаммед Айтбайұлы Арал аудандық мәдениет үйінде мәдениет саласының қызметкерлері, көше комитетінің төрағалары, қала тұрғындары және жастармен кездесті.
Жиында сөз алған Облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды. ерекше маңызға ие мамандық иелеріне атом электр станциясын салу еліміздегі болaшақтa орын алуы мүмкін энергия тaпшылығының aлдын aлуды көздейтінін aтaп өтті.
«Деректерге сәйкес қазір әлемде 415 ядpoлық энергетикалық реактoрлар жұмыс істесе, тағы 60-ы салынуда. Атoм электр стансасының қоршаған oртаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері баp ағынды сулар сияқты заттармен ластамайтындығы pасталған, яғни экoлoгиялық таза. Біз мемлекетіміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ меpізімге аpналған ұлттық мүдделерімізді ескеpе oтыpып тек алға қаpай жылжуымыз керек. Біp сөзбен айтсақ бoлашақты oйлауымыз қажет

«Мемлекет басшысы халықтың мүддесін қозғайтын мәселелерді үнемі кеңесу арқылы шешіп келеді. Кешегі Жолдауында да елімізде Атом электр станциясын салу мәселесін 6 қазанда жұртшылықпен бірлесіп, референдум арқылы жүзеге асыру керектігін айтты. Сондықтан аталған референдумның еліміз үшін стратегиялық маңызы зор»,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Өз кезегінде, ұжым мүшелері , көше комитетерінің төрағалары Жолмағанбетов Аманжол және Өтебалиев Серік Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ХалықтықШтаб
11 қыркүйек 2024 ж. 152 0