Халықтық штаб мүшелері Бекбауыл ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Елімізде 6 қазанда Атом электр станциясын салу жөнінде референдум өтеді. Осыған орай еліміздегі беделді саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірігіп, оны қолдау бағытында халық арасында түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.
Штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру.
Алдағы уақытта аудандық штаб мүшелері АЭС салу мәселесі бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.
