Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум жаңа мүмкіндіктерді нақтылайды

Референдум жаңа мүмкіндіктерді нақтылайды

«AMANAT» партиясының Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын Республикалық және аймақ, аумақтық штаб өкілдері ел аумағында жүргізуде.

Бүгін 31 мамыр «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штабтың мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл және бірқатар аудандық штаб мүшелері болып табылатын, аудандық мәслихат депутаттары Райым (Жетес би а/о), Құмбазар, Бекбауыл және Ақбай (Ақирек а/о) елді мекендерінде болды. Фракция мүшелері ауылдық ағайындармен кездесуінде, Референдум - қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отырғандығын, Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болатындығын, соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Өзгеріс аз емес, соның бірі - Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға ауысады. Яғни президенттік бірқатар өкілетіктері Парламентке өтетіндігі, осынша өзгеріс елде демкоратиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің көзі - халық» деген принципті жүзеге асырады. Яғни, қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдерге араласады. Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум қажет.
Конституцияға түзетулер жобасын референдумға шығару туралы шешіммен бірге Мемлекет басшысы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың жаңа, дәлірек айтқанда, дұрыс стандарттарын қалыптастырады. Бұл, биліктің қайнар көзі - ең алдымен халық, ал шешімдер тек белгіленген рәсімдер мен нормаларға сәйкес қабылданатындығын жеткізді.
Кездесуде Референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатын болатындығы туралы, сонымен қатар барша қазақстандықтарды өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында Референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата заңы - Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды. Бұдан әрі ел-халықтың ұсыныс пікірлерін тыңдап, шешілу жолдарына бірте-бірте жұмыстар жасалатындықтарын жеткізді.

"Толқын" ақпарат

01 маусым 2022 ж. 343 0