Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС салу жөніндегі референдум – мемлекетіміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие

АЭС салу жөніндегі референдум – мемлекетіміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие

Бүгін Арал аудандық мәдениет үйінде Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі штаб мүшелері зиялы қауым өкілдерімен, көше комитеттері және белсенді жастармен кездестік.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдум – мемлекетіміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Сондықтан, еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салу мәселесі бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі штабқа бірігіп, ел арасында түсіндіру жұмыстарын бастадық.
Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы бар, осы уақытқа дейін оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Атом электр станциялары 60-100 жылға дейін жұмыс жасауға қауқарлы сондай-ақ, экологиялық тұрғыдан таза. АЭС құрылысы елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Кездесу барысында атом энергиясын пайдалану мен салудың артықшылығы және АЭС салу – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі екендігі айрықша атап өтілді.
Жиналған қауым Мемлекет басшысы көтерген бастаманы қолдайтындығын және АЭС - тің елімізге керек екендігін алға тартты.

Жолмұрат Ерімбетов
11 қыркүйек 2024 ж. 163 0