Ақирек ауылдық округі тұрғындары АЭС салу бастамасын қолдайды

Осы орайда, бүгін өңірлік Халықтық штаб өкілдері Ақирек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, АЭС салу маңыздылығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Шара барысында штаб мүшелері Қазақстанда АЭС салу экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң мультипликативтік әсер етіп, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік беретінін жеткізді.
Атом электр станциясы аталған мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, мемлекетіміздің дамуын және электр энергия тәуелсіздігін қамтамасыз ететіндігін түсіндіріп, ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін АЭС салу жөніндегі референдумда дұрыс шешім қабылдауға шақырды.
Өз кезегінде, ұжым мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#халықтықШтаб