Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі

«АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі

Бүгін АЭС салу мәселесі бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі штаб мүшелері А. Асанбаев, Ж. Ерімбетов, Б. Мұстафаев, Н. Ембергенова «Қазақстандағы атомдық энергетика: Жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» тақырыбында зиялы қауым өкілдері мен көше комитеттері және белсенді жастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында штаб мүшелері АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізіп, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту бағытында мазмұнды ойларын ортаға салды. Атом энергетикасының ел дамуы үшін қажеттілігі, оның болашаққа тигізер оң ықпалы жан-жақты талқыланды. Тараптар энергетикалық тәуелсіздікті нығайту мақсатында АЭС салудың стратегиялық мәні мен артықшылықтарына баса назар аударды.
«АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба», – деді штаб мүшелері.
Сондай-ақ, кездесуде референдумға қатысудың азаматтық борыш екені де сөз болды. Штаб мүшелері халықты белсенділікке шақырып, әрбір дауыс елдің болашағына әсер ететіні айтылды. АЭС құрылысы – бұл жай ғана энергетикалық жоба емес, бұл Қазақстанның келешекке сенімді қадам жасауға бағытталған тарихи таңдауы екені ескертілді.

"Толқын" ақпарат 
11 қыркүйек 2024 ж. 120 0